Білім гранттары мен келісім шарт бойынша білім алуда

14.10.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі» бүгінгі таңда магистратура мен докторантура бойынша маман даярлап келеді.  Бөлім ғылыми-педагогика және бейіндік  бағыт бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.  Мұнда PhD-докторанттар мен магистранттарды даярлау мемлекеттік білім гранттары мен келісім шарттар негізінде жүзеге асырылады. Жаңа оқу жылының контингенті бойынша магистратурада  390, ал докторантурада 29 тәлімгер білім алуда.