БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Әлем, Түркі өркениеті, Қазақстан және болашақтың концепциясы» тақырыбында ауқымды кездесу болды. Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ғылым мен технология жөніндегі Ұлттық Кеңестің мүшесі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Оразалы Сәбденмен аталған тақырыпта болашақ ғалымдарға дәріс оқыды.

Арнайы дәріс ашық форматта өтті. Қатысушылар спикердің тұшымды ойға толы дәрісін қызыға тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойды.