Тұран» спортклубын бастап барған Ержан Балабаев айтулы додадан олжалы оралды.

ҰЛДАРЫМЫЗ ҰЛТТЫҚ ОЙЫННАН ЕРЛЕДІ

Шымкент қаласында «Денсаулық — зор байлық» атты университетаралық спартакиада өтті. Спорт сайысы қазақ ұлттық ойын түрлерінен ұйымдастырылды. Қатысушылар қол күрестіріп, тоғызқұмалақ ойнап, кір тасын көтерді, арқан тартып, ләңгі тебуден жарысты. Нәтижесінде университеттің «Тұран» спортклубын бастап барған Ержан Балабаев айтулы додадан олжалы оралды. Жалпыкомандалық есепте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ спорт командасы ешкімге дес бермей, жүлделі бірінші орынды еншіледі!