Университетте институционалды аккредиттеу жүріп жатыр

18.11.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде институционалды аккредиттеу жүріп жатыр. Оның аясында директорлар кеңесі мүшелері және басқарма төрағасы-университет ректоры Гүлжан Сүгірбаевамен кездесулер өтті. Сарапшылар тобының мүшелері оқу ордасының  материалды-техникалық және оқу-тәжірибелік базасымен танысып, визуалды тексерістен өткізді. Сондай-ақ университет түлектері және студенттермен кездесті.  18-20 қараша күндері аралығында “Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі” мемлекеттік емес мекемесі (БСҚТА) мамандандырылған (23 мамандық  бойынша) аккредиттеу аясында БСҚТА эксперттік тобы сыртқы аудит жүргізеді.