Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті оқытушы-профессорлардың бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

          Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті оқытушы-профессорлардың бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

  1. Ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторы, ғылым кандидаты,  PhD) факультет деканының бос қызмет орнына:
  • Физика-математика факультетінің деканы - 1 бірлік;
  • Жаратылыстану факультетінің деканы - 1 бірлік;
  • Филология факультетінің деканы - 1 бірлік;
  • Тарих және педагогика факультетінің деканы - 1 бірлік;
  • Өнер және білім факультетінің деканы – 1 бірлік.
  1. Ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD (философия докторы) кафедра меңгерушісінің бос қызмет орнына:
  • “Информатика” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Физика” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Биология” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “География” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Шетел тілдері” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Педагогика” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Психология” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  • “Мектепке дейінгі және арнайы педагогика” кафедрасының меңгерушісі - 1 бірлік;
  • “Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік;
  1. Ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD), профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
  • “Физика” кафедрасы – 1 бірлік; (физика-математика немесе педагогика ғылымдарының кандидаты);
  • “Математика” кафедрасы – 2 бірлік;
  • “Химия” кафедрасы – 2 бірлік;
  • “Биология” кафедрасы – 1 бірлік (ағылшын тілінде), 2 бірлік;
  • “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы- 1 бірлік;
  •  “Әлем тарихы және дінтану” кафедрасы – 2 бірлік;
  •  “Ағылшын тілі” кафедрасы - 4 бірлік;
  • “Шетел тілдері” кафедрасы – 3 бірлік;
  • “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы – 4 бірлік;
  • “Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “Педагогика” кафедрасы – 3 бірлік;
  • “ Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы” кафедрасы: арнайы педагогика мамандығы-  1 бірлік;
  • “Психология” кафедрасы -2 бірлік;
  • “Музыкалық білім” кафедрасы -2 бірлік;
  • “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасы – 2 бірлік;
  • “Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасы: кәсіптік оқыту мамандығы -2  бірлік.

           6. Магистр және аға оқытушының бос қызмет орнына: 

  • “Бастауышта оқыту әдістемесі”  кафедрасы- 4 бірлік (1 аға оқытушы, 3 оқытушы);
  • “Химия” кафедрасы – 4 бірлік (4 оқытушы);
  • “Информатика” кафедрасы – 2 бірлік (2 оқытушы);
  • “Биология” кафедрасы – 3 бірлік (1 аға оқытушы, 2 оқытушы);
  • “География” кафедрасы-  1 бірлік (1 оқытушы);
  • “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы- 2 бірлік (2 оқытушы);
  • “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасы – 1 бірлік (1 оқытушы);
  • “Ағылшын тілі” кафедрасы – 9 бірлік (1 аға оқытушы, 8 оқытушы);
  • “Шетел тілдері” кафедрасы – 5 бірлік (3 аға оқытушы, 2 оқытушы);
  • “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы – 2 бірлік (2 аға оқытушы);
  • “Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы” кафедрасы: арнайы педагогика мамандығы-  2 бірлік (2 оқытушы);
  • “Әлем тарихы және дінтану” кафедрасы -  1 бірлік (1 аға оқытушы);
  • “Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру”  кафедрасы – 6 бірлік (4 аға оқытушы, 2 оқытушы);
  • “Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі” кафедрасы – 8 бірлік (3 аға оқытушы, 5 оқытушы);
  • “Педагогика” кафедрасы – 7 бірлік (2 аға оқытушы, 5 оқытушы);
  • “Психология” кафедрасы – 2 бірлік (2 оқытушы);
  • “Музыкалық білім” кафедрасы -  5 бірлік (4 аға оқытушы, 1 оқытушы);
  • “Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасы -2 бірлік (1 аға оқытушы, 1 оқытушы).

          Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі бар білім беру ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы. 

          Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым дәрежесі, ғылыми атағы және білім беру ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

          Доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.

          Аға оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.

          Оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.

      Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда).

Өтінішке қосымша мына құжаттарды тапсырады:

  1. Басқарма төрағасы-Ректордың атына өтініш;
  2. Үміткердің электрондық форматтағы анкетасы (профессор-оқытушылар құрамы үшін);
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; - Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  4. Еңбек қызметін растайтын құжат (кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парақ және 3х4 сурет);
  5. Соттылығы жоқ туралы анықтама;
  6. Ғалым хатшы куәләндырған ғылыми еңбектер мен өнер табыстар тізімі (соңғы 5 жылғы);
  7. Шет тілдерін меңгергені туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);
  8. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түп нұсқалары (соңғы 5 жылғы);
  9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);
  10. №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  11. Өмірбаян.

            Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

           Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 120 кабинет (Казпочта арқылы),  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 8.12.2023ж., сағат 15.00-ге дейін.

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!