Шетелдік студенттерді мерекемен құттықтады

30.12.20

 

 

 Университет ұжымы Түркіменстаннан келіп оқып жатқан студенттерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Пандемияға байланысты олар биылғы демалыста өз елдеріне бара алмады. Шетелдік жастар қазір университеттің студенттер үйінде тұрып жатыр. Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылды. Кеш әсерлі ән-күймен жалғасты.