Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес өткізді. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелерін сараптаған кеңес соңында оқу ордасының ректоры Гүлжан Сүгірбаева ғылым-білімнің дамуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан айырықша еңбегі үшін бірқатар ардагер ұстаздарды «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне – 80 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Олардың қатарында х.ғ.к, доцент, еңбек ардагері Ақзира Сәрсекенова, б.ғ.к, доцент Абдулхайр Исмаилов, «математика» кафедрасының ардагері Светлана Дубровская, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Шайзада Бапаева, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Айдар Агулыков, п.ғ.к, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ардагер-ұстазы, доцент Ысқақ Бегман, ҚР мәдениет қайраткері Бибажар Симова, «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының ардагері Балташ Әбілхаирова, п.ғ.к, доцент Оңғарбай Әсембек, ф.ғ.к, «мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасының доценті Зүбайда Керімбаева бар. Сондай-ақ Б. Шаграева, Л.Сулейменова, Ө.Тұрысқұлов, Б.Садық, Г.Халикова, М.Кадеева, А.Узахова, Қ.Бегдаулетова, Л.Абишева, М.Шингареваларға ғылым және білімнің дамуына қосқан үлестері үшін Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді