Бас педагог ОҚМПУ ұжымымен кездесті

08.01.21

Бүгін еліміздің Бас педагогы  Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы  ұстаз мәртебесі, педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау, ғылымды дамыту, оқытушыларды ынталандыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен бірге күні кеше «Егемен Қазақстан» газетінде  жарияланған Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы келелі міндеттерге тоқталды. Жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, береке-бірлігі жарасқан ұжым мен басшысына табыс тіледі. Кездесу соңында ОҚМПУ археологиялық отрядының  жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Подушкин өзінің 56 жылдан бері жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін баяндай отырып, оңтүстік өлкенің өркениет бесігі болғандығын дәлелдейтін құнды жәдігерді таныстырды.