Құрметті оқытушылар, магистранттар мен студенттер!

08.01.21

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2021 жылдың 6 қаңтарындағы №14-4/23ВН хатына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқыту сапасын қамтамасыз ету мақсатында 1, 2, 3 курстың төменде көрсетілген білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына көктемгі семестр   аралас оқыту форматында   жүргізіледі (семинар, практикалық, лабораториялық сабақтар-оффлайн, лекциялар-онлайн):

-1-курс, бакалавриат пен магистратураның барлық білім беру бағдарламалары бойынша;

-2-курс, «6В01402 Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау», «6В05101 Биология», «6В02101 Дизайн»  білім беру бағдарламаларына;

-3-курс, «5В010800-Дене шынықтыру және спорт»,  «5В042100-Дизайн»,     «5В060700-Биология» білім беру бағдарламаларына.

Қосымша ақпарат   2021 жылдың 11-15 қаңтар күндері аралығында тиісінше факультеттің деканаты тарапынан хабарланады.