Факультеттің халықаралық жұмысы

    

ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ ОҚМПУ-ДА ДӘРІСТЕР ОҚЫДЫ.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің @okmpu.kz білім алушыларына дәріс-семинарлар жүргізу, профессор-оқытушылар құрамына семинар-тренингтер өткізу мақсатында Түркиядағы Гази университетінің профессоры Южел Гелишли мырза келді.
ОҚМПУ-дың стратегиялық серіктесі болып табылатын Гази университетінің проректоры Южел Гелишли мырза Бастауышта оқыту әдістемесі @oqmpu_pmno кафедрасының білім алушыларына дәріс-семинарлар жүргізетін болады. Ғалымның ОҚМПУ-дағы жұмысы бір айға жоспарланған. Осы мерзім ішінде ол магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеулер жүргізу, рецензияланатын ғылыми әдебиеттердің жоғары дәрежелі библиографиялық базаларында мақалалар жариялау жолдарын үйретіп, білім алушылармен, оқытушылармен бірлесе ғылыми зерттеулермен айналысатын болады.

 
Accordion title 2

Accordion content 2.

Академиялық ұтқырлық бойынша факультет кафедралары Киев қаласы, М.П. Драгомонов атындағы «Ұлттық педагогикалық университеті; Ресей Федерациясы, Саратов қаласы Н.Б. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті, «Москва мемлекеттік педагогикалық университеті»; Болгария мемлекеті Бургас қаласы «Бургас ашық университеті»; жалпы Польша, Түркия, Латвия, Ресей елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алыс және жақын шетелдерде біліктілігін арттырып, тағлымдамадан өтуде. Студенттердің шетелдерде білім алуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік жасалған. Халықаралық келісім негізінде Бургас Свободен университетінің (Болгария), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің (Ресей) «Логопедия және психолингвистика», «Мектепке дейінгі педагогика» кафедраларының ғалымдарымен байланыс орнатылған.

   Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алыс және жақын шетелдерде біліктілігін арттырып, тағлымдамадан өтуде: аға оқытушылар К.Н.Даркулова Цукуба университетінде (Жапония), С.Ә.Тұрмаханова Лиссабон университетінде (Португалия), Д.Қожабаева Гази университетінде (Түркия), Ұ.Ж.Құдайбергенова Н.П. Драгоманов атындағы ұлттық педагогика университетінің коррекциялық педагогика және психология институтында (Украина), Ж.М. Каипова мен Б.А.Аяпова Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде, А. Шатаева Бургас Свободен университетінде (Болгария).

     8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау БББ бойынша Есназар Әсел Жаңабергенқызы 11.11.2019-06.12.2019 аралығында Түркия мемлекеті, Гази университеті, Білім беру кафедрасында Phd, қауымдастырылған профессор Туркер Курттың кеңесшілігімен 19.04.2021ж. – 30.04.2021ж. аралығында ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.

Описание: C:\Users\User\Downloads\20191126_113421.jpg

         

          8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау БББ бойынша Сейдуалиева Жазира Аширбековна Түркия мемлекеті, Гази университеті, Білім беру кафедрасында Phd, қауымдастырылған профессор Ихсан Сейт Эртемнің кеңесшілігімен 19.04.2021ж. – 30.04.2021ж. аралығында ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты. Диссертация тақырыбы бойынша Гази және Анкара университетінің кітапхана қорын, Түркияда қорғалған докторлық диссертациялар (сайт:https://tez.yok.gov.tr/UlusalTezMerkezi/), ғылыми мақалалар, бастауыш сынып оқу жоспарлары, оқулықтармен (сайт: http://mufredat.meb.gov.tr/Programlar.aspx) танысып қайтты.

 Описание: C:\Users\Pc\Desktop\Факультет сайты\PHOTO-2021-11-11-14-04-26 (1).jpg Описание: C:\Users\Pc\Desktop\Факультет сайты\PHOTO-2021-11-11-14-04-26.jpgОписание: C:\Users\Pc\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\PHOTO-2021-11-11-14-49-22 (1).jpg