Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымының жобасы үздік деп танылды!

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Мәдібекованың ғылыми жобасы үздік деп танылып, мемлекеттік грант жеңіп алды!

Ғылыми жоба «Сүт өнеркәсібінің қалдықтары негізінде функционалды сусындарды байыту үшін пробиотиктерді микрокапсуляциялау технологиясын әзірлеу» тақырыбында әзірленген.

Жоба пробиотикалық микроорганизмдердің тұрақтылығы мен белсенділігін сақтау, қызмет ету мерзімін, әсерін ұзарту үшін микрокапсуляциялау технологияларын қолдануды зерттеуге арналған. Мақсаты функционалды өнімдер алу үшін сүт сарысуы негізінде ашытылған сусындарды байытуды көздейді. Функционалдық сусын әзірлеу үшін сүт сарысуын ашытудың ең тиімді әдісі ұсынылып отыр.

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар байқауын ұсынған болатын. Бұл жоба ғылыми техникалар мен өндірістерді жан-жақты дамыту мақсатында жарияланған.