КҮЗДІҢ СОҢҒЫ КҮНІ ...

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті филология факультетінің студенттері «Сары күз — сағыныш маусымы» атты шара өткізді. Күзгі элегияға құрылған әдеби кеште Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылып, сахналық қойылым назарға ұсынылды.

Дархан Жұмабайұлы, Қалыбек Рахат, Нұризат Сайлауқызы, тағы басқа өлеңсүйер жастар сомдаған ғашықтар рөлі көрермен жүрегін жылытып, әсерлі сезімге бөледі. Көңіл тербеген күзгі кеш музыкалық сүйемелдеумен көмкерілді.

Биылғы күздің соңғы күніне арналған лирикалық кешті университеттің Өзбекәлі Жәнібеков атындағы орталық жетекшісі Эльмира Оразбаева ұйымдастырды.