Академиялық ұтқырлық

ҒЫЛЫМДА ЖОҚ ШЕКАРА

             Тарих және педагогика факультетіне қарасты «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасына академиялық ұтқырлық бойынша Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы Мимар Синан Көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Осман Йорулмаз «6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан 3-курс студенттеріне «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша дәріс жүргізіп жүр.

          17-қараша күні «Жоғарғы оқу орнында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында кафедра оқытушылары, магистранттар және докторанттармен бірлесе отырып әдістемелік семинар өткізді. Тақырыпқа байланысты қазіргі таңдағы ғылыми жұмыстарды орындаудың өзекті мәселелері талқыланып, ғалым өз тәжірибесімен бөлісті.