14-ақпан – Халықаралық кітап сыйлау мерекесі

16.02.21

 

14-ақпан – Халықаралық кітап сыйлау мерекесі болып, 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желінің белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір ұлы Эммиге дәл осы күні "неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесіне өзіміз куә болып отырмыз. Мереке – халықаралық деңгейге дейін жетті. Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Оқырмандарға жақсы кітаптарын кітапханаға сыйлауға, өзге адамдардың да осындай керемет қадам жасауына жол ашу.

Иә, мұндай игі бастаманы неге құптамасқа?!

Осы бір атаулы күнді жастарға дәріптеу мақсатында, университетімізде Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін «Кітап сыйлаймын» блиц-акциясы өтті. Шараға университет ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы бастап қатысып, Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор А.М.Байғұтова, ректор көмекшісі Шаланов Ербол Сәбитұлы, Кәсіби бағдар және мансап бөлімінің басшысы Битұрсын Ғалымжан Шамшидинұлы, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, сонымен қатар факультет декандары Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы, Байбатшаева Айдайқыз Еркінбекқызы, Ибашова Альмира Байдабекқызы, Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы, Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы, аға тәлімгерлерден Нурманова Женискуль Кульбаевна т.б. оқытушы-әріптестеріміз бен 1-курс студенттері атсалысып, өздерінің сыйға алып келген кітаптарын тарту етіп, әсерлерімен бөлісті. Университет ректоры акцияның алдағы күндері жиі ұйымдастырылып тұруын қолдап, өте орынды бастама екендігін айтып өтті. Аталмыш акциямыз жалғасын табатынына сенеміз. Келесі жолы сізді де күтетін боламыз. Міндетті түрде келіп, қатысып, игі шараның белсенді мүшесі болыңыз!

Айдана Айнабек