Хабарландыру

16.02.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Ғылыми  жұмыстар және инновациялар жөніндегі  проректор лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыруды төмендегі мәтінде ОҚМПУ-дың веб-сайтына  жариялауға рұқсат беруіңізді сұранамыз:

Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректордың жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жоғары оқу орындарында немесе ғылыми зерттеу оқу орындарында жұмыс тәжірибесі, өтілі 3 жылдан кем болмауы  тиіс.

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" "Ғылым туралы", ҚР “Педагог мәртебесі туралы” заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы""Мемлекеттік сатып алу туралы""Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарын, “Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы” ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, университет Жарғысын, Ішкі еңбек тәртіп ережелерін, университет ережесін.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда).

Өтінішке қосымша келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
  2. Тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат.
  3. Еңбек қызметін растайтын құжат.
  4. Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.
  5. Кадр есебі бойынша жеке іс парағы.
  6. Өмірбаян.
  7. Фото 3х4 – 2 дана.
  8. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу саласында еңбек шартын жасасу үшін адам:
    1. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;
    3. №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
  9. Университеттің ғылым және инновация жұмыстарын дамытуға арналған стратегиялық жоспарын ұсыну (презентация).

           Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  2. Белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  3. Медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Осы тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

           Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі,  алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

          Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.

          Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 120 кабинет, анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі), электронды почта info@okmpu.kz

Конкурс өткізілетін күні мен орны: кезекті Кеңес Директорларының отырысы.