«ҚЫСҚЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Қысқы мектеп» жобасы аясында «Болашақ педагог мамандарды жаңа форматта даярлаудың бағыттары» тақырыбында оқыту семинары басталды.

Семинардың мақсаты педагог мамандарды даярлауда оқытушының жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық тұрғыдан дамып, кәсіби шыңдалуына негіз болу.

Іс-шараны университет Басқарма төрағасы- ректор міндетін уақытша атқарушы Айнаш Құдышева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін оқу бағдарламасындағы мұғалімнің маңызды құжаты, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша НҚА, оқу жоспарының ерекшеліктері тақырыбы бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі, магистр Болат Атыбай, жалпы ашық онлайн курстарды құрастуры жолдары туралы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ академиялық артықшылық және коммерцияландыру орталығының басшысы Руслан Бәріқұлов, Digital замандағы білім алушылардың ақпараттық және медиа сауаттылығы, саралап оқыту арқылы академиялық үлгерімді арттыру жөнінде "Өрлеу" БАҰО" АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ мамандары Замира Сейітқазиева мен Райхан Жұманова біліктілік тәжірибесімен бөліседі. Ал, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ филология факультеті, педагогикалық шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, PhD Лазура Қазыханқызы сандық зерттеу әдістері тақырыбында ой қозғайды.