Үздік ғалым

26.03.21

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жылдағы дәстүр бойынша  «Үздік қызметкер» ережесіне сәйкес «Үздік ғалым» байқауы өтті. 
Байқау нәтижесінде І орынға жаратылыстану факультеті, химия кафедрасының профессоры м.а., химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Мәдібекова  лайық деп табылды.  Жеңімпазға  50 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Байқаудың ІІ орынын  физика-математика факультеті, физика – математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мадина Жаманқараева жеңіп алып,  40 000 теңгенің сертификатын иеленді.  Ал ІІІ орын филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, философия PHD докторы Бекарыс Нұримановқа бұйырды. Үшінші орын жеңімпазы  30 000 теңге сертификатты еншіледі.