Заманауи білім беру технологияларын педагогикалық үрдіске енгізуде оқытушылардың пәндік кәсіби құзыреттілігін дамыту

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде үздіксіз білім беру орталығының ұйымдастыруымен оқытушылар университет базасында кәсіби біліктілігін арттырды. Іс-шара тақырыбы «Заманауи білім беру технологияларын педагогикалық үрдіске енгізуде оқытушылардың пәндік кәсіби құзыреттілігін дамыту» деп аталды.

Курс барысында оқытушылар білім беру мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттармен, заманауи білім берудегі педагогикалық технологиялармен, интербелсенді оқытуды қолданудың әдістемесімен және жоғары оқу орнында сабақты ұйымдастыру, білім алушыны бағалау маңыздылығын түсініп, оны іске асыру, қолдану әдістемесін меңгерді. Дәріс беруші аға оқытушы, п.ғ.к. З.Б.Куанышбаева шығармашылық әлеуеті жоғары, кәсіби білікті маман ретінде жұмыс жасау тәсілдерін үйретумен қатар, білікті маман даярлауда оқытудың жаңашыл әдістемесін қолдану дағдысы бойынша дәріс, практикалық жаттығулар, тренинг, шеберлік сағаттарын өтті.

Курсқа қатысушы оқытушылар теориялық біліммен бірге білім беру мазмұнындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып-зерделеп, заманауи педагогикалық технологиялар мен интербелсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы пәндік кәсіби құзыреттілігін арттырып, біліктілік арттыру курсын сәтті аяқтап шықты. Оқытушыларға біліктілік арттыру туралы сертификаттар табысталды.