Кәсіби бағдар

«ОҚМПУ-ға  85 жыл»: 2022 жылғы мектеп түлектері  ұстаздар ұстаханасымен танысты.

Шымкент қалалық Білім басқармасымен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын  ЖОО-ның  85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында  «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын»  апталық - акция өткізілуде. Өткен аптада бастау алған іс-шараны бүгін Өнер және білім факультеті жалғастырды. Шараға 275 мектеп оқушысы қатысты, олар: №61, №62, №63, №64, №65, №66, №68, №69, №70, №71, №72, №73, №74, №75 мектептер.

Акция барысында қала мектептерінің бітіруші сынып оқушылары мен колледж студенттері университет базасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен, студенттермен танысып, университеттің жетістіктері мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттармен алмасты. Факультетке қарасты БББ бейне-ролик арқылы таныстырылды. Салтанатты жиынды оқу ордамыздың ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы ашып, оқушыларға сәттілік тілеп, киелі қара шаңыраққа оқуға шақырды. Келесі кезекте Басқарма төрағасының орынбасары- академиялық мәселелер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы және факультет деканы Байбатшаева Айдайқыз Еркінбекқызы сөз алып, оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеулерін, педагог мамандардың сұраныста екенін түсіндіріп өтті. Талапкерлерге университетіміздің нұсқаулық журналы, буклеттер үлестірілді. 

https://youtu.be/yh2LhT_Lm6U

Кәсіптік бағдар беру,жұмыспен қамту және іс – тәжірибе бөлімінің

2021-2022 оқу жылына арналған    жоспары

Өнер және білім факультеті

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері  кафедрасы

          Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Шығыс құжаттары

Жауапты орындаушы

1

ОҚО Шымкент қаласы  музыка мектептері және саз  колледждердің мәліметі бойынша базасын жаңалау 

Қыркүйек

Анықтама

Кафедра

меңгерушісі,

Ұзақоав А.С.

Мұсақұлов Қ.Т.

2

«Талапкер-2022», «Абитуриент-2022» буклеттері мен жарнамалық тарату материалдарын жаңалау

Қазан

Буклет, жарнамалық материалдар

Кафедра

меңгерушісі,

Мұсақұлов Қ.Т.

3

ОҚМПУ- ның «Талапкер» сайтына жаңа ақпарттарды орналастыру.

Жүйелі түрде

Ақпараттар

Кафедра

меңгерушісі,

Мұсақұлов Қ.Т.

4

Кафедрада  кәсіптік бағдар жұмысы бойынша, Қастеев  колледжі, №75, №77 гимназия, өнер мектебі бойынша кездесулер, презентация, дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Қараша

Жоспар, ақпараттар, есеп

Кафедра

меңгерушісі,

Ұзақоав А.С.

Мұсақұлов Қ.Т.

5

2021-2022 оқу жылындағы бітірушілердің түйіндемесін дайындау

Қаңтар, Наурыз

Бітірушілер түйіндемесі

Кафедра меңгерушісі, топ тәлімгері

6

Бөлінген  Келес аудандарындағы ЖОМ  және  қала ішіндегі  № 75-85  ЖОМ аралығында  кәсіби бағдар жүргізіу.

Қаңтар

Ақпараттар

Оқытушылар

7

Шымкент қаласының музыкалық колледжі және музыкалық мектеп, мектеп бітірушілерімен «Ашық есік күнін ұйымдастыру

Ақпан,Сәуір

Концерттік бағдарлама

Кафедра

меңгерушісі,

Мұсақұлов Қ.Т.

оқытушылар

8

«Жас маман-2022» бос орындар (вакансия) жәрменкесіне қатысу

Сәуір

Ақпараттар

Топ тәлімгер

Студенттер

9

Жылдық есеп тапсыру

Мамыр

Есеп

Мұсақұлов Қ.Т.