Cеминар – конференция

10 ақпан 2016 жылы  сағат 14.00 G-global жүйесінде   ОҚМПИ «Қазақстан тарихы және әлем тарихы» кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасы мен бірлесе отырып 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған семинар – конференция өткізеді.

Семинар – конференцияның мақсаты семинар-конференция барысында жоғарғы оқу орнында білім алушылар мен ізденушілердің белсенділігін, қызығушылығын    арттыра отырып, ұлт-азаттық көтерілістің қазақ тарихында алатын орнын ашып көрсету, жастарда  ұлтжандылық пен   Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.