Тәрбие жұмыстары

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Денсаулық» спартакиадасы басталды.
Спартакиаданың мақсаты — ұжым қызметкерлерінің байланысын нығайту, дене шынықтыру және спорт денасулықтың кепілі екенін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Жарысты университет Басқарма төрағасы-ректоры міндетін уақытша атқарушы Айнаш Құдышева мен Басқарма мүшесі-стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек құттықтау сөзбен ашты.
Жарысты «Тұран» спорт клубы мен «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» және «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедралары ұйымдастыруда. Қатысушылар баскетбол, волейбол, кір тас, шахмат, стол теннисі, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен сайыспақ.

ҚР кұрметті спорт қайраткері, ҚР Бiлiм беру ісінің үздігі, ЖОО үздік оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Рамашов Нұрмамбек Рамашұлының 70 жас мерей тойына орай және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты волейболдан студенттер арасында факультет аралық турнир өтті.
1-орын:Дене шынықтыру және спорт факультетінің 2-командасы
2-орын:Физика және математика факультеті
3-орын:Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1-командасы иеленді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына
орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалык университетінің
«Дене шынықтыру және спорт»факультетінің ұйымдастырумен «Спорт-бейбітшілік елшісі» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

 

2022 жылдың 14 желтоқсан күні «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы биылғы оқу жылына арналған қабылдау комиссиясы жұмыстары барысында өзіне тапсырылған міндеттерді аса жауапкершілікпен орындап, талапкер жинауда зор үлес қосқаны үшін факультетіміздің оқытушылары: Бекбосунов Аңсарбек Құралұлына, Батаев Дулат Алшынбайұлына, Тажиметова Гулайша Танабаевнаға  және қызметкері Қожабек Жұлдыз Дүйсенбекқызына ОҚМПУ Басқарма төрайымы-Ректор Г.Д.Сүгірбаеваның атынан «Алғыс хат»  тапсырып құттықтады.

 

 

2022 жылдың 2 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойы аясында «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен 6В01402 – Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау  білім беру бағдарламасының студенттерімен оқытушылары және «Дене шынықтыру және спорт» факультеті деканы Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлының бастауымен оқу ордамыздың түлегі, Төлеби ауданының Құрметті азаматы, Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы п.ғ.д., профессор Тойлыбаев Бекайдар Адамбековичпен «Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда тәрбиенің рөлі» тақырыбында кездесу өтті.
Сөз барысында профессор Тойлыбаев Бекайдар Адамбекович Дене шынықтыру және спорт мамандығына қалай келгендігі, ОҚМПУ-да оқығанын мақтан ететіндігі, жетістістік жолдары мен еңбектерін айтып өтті, жастарды спортқа және ғылымға баулу, үлкен маман иесі болуларына сәттілік тілеп, еңсесі мықты, рухы жоғары болу керектігі туралы ақыл кеңестерін айтты. Іс-шара соңы жастардың сұрақтарына жауап беріп, жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша көкейдегі мәселелерін ортаға салып тал

 

 

2022 жылдың 22 қараша күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойына орай  Спорт ардагері 4 дүркін  Әлем кубогының иегері, Европа чемпионы, Әлемнің ең үздік палуаны, КСРО-ның бірнеше рет чемпионы Дециев Бисолт Османовичпен кездесу өтті. Кездесу барысында ол өзінің өмір тарихымен спорттағы жетістіктері туралы айтып өтті және шәкірттері 2022 жылы Әлем чемпионы Қазақстан спартакиядасының және Халықаралық турнир чемпионы Тоқбаев Жолдыбай Алиханович, 2022 жылы Азия чемпионы, 2 дүркін Азия күміс иегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Сыздыков Әлімхан Алишерұлы және Халықаралық турнир чемпионы дүние жүзілік ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Узаров Джохар Ясимовичпен студенттерді таныстырып өтті, шәкірттеріде өз кезегінде трибунаға шығып өз жетістіктерімен бөлісті, кездесу соңы сұрақ жауаппен аяқталды.