Оқу әдістемелік жұмыстар

 

   Халықаралық және республикалық университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттар

 

 

 

   ОҚЫТУШЫ-ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ПӘНДІК БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ 

                                                    

            

Жаңа жарық көрген оқу-әдістемелік еңбектер

  

  

  

     

*«100 жаңа оқулық: Әдебиет теориясы: Антология. (Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен, І-ІІ том)» тақырыбында өтілген әдістемелік онлайн семинар

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында 2022 жылдың 25 қаңтарында «100 жаңа оқулық: Әдебиет теориясы: Антология. (Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен, І-ІІ том)» тақырыбында әдістемелік онлайн семинар өткізілді.

Баяндамашы кафедра доценті, ф.ғ.к. Р.Б.Кажиакбарова өз сөзінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша қазақ тіліне аударылған әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары арқылы студенттердің білімді тереңінен игеріп, дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілер негізінде білімдерін толықтыруға мүмкіндік берілгенін, білім алушылардың қазіргі ғылыми зерттеу және баяндау әдістерін игеруге зор мүмкіндік алғанын атап көрсетіп, әлемнің 100 үздік оқулығы ұлттық тілдің дамуына аса қажетті ғылыми мазмұнды дамытып, студенттердің заман талабына сай білім алуына жағдай жасайтынына тоқталды.

Баяндамашы Джулия Ривкин мен Майкл Райанның «Әдебиет теориясы. Антология» (2017) кітабына талдау жасады: «Бүгін біз антологияны құрастырушылар жайлы мәлімет беріп, олар жазған психоанализдерге шолу жасап, теориялық еңбек туралы талдау жүргізетін боламыз. Бұл антологияда гуманитарлық білімнің әртүрлі бағыттары бойынша еңбектер жинақталған. Антология белгілі бір мақсатты аудиторияға – студенттер мен университет оқытушыларына арналған. Еңбек оқырманды ХХ-ХХІ ғасырлардағы философиялық, психологиялық, әдеби, лингвистикалық ойдың даму нәтижелерімен таныстырады. Антология француз, британдық, орыс, американдық философия және филология классиктерінің әдебиет теориясы мен мәдениет саласындағы маңызды зерттеулерді қамтиды. Шын мәнінде, бұл әртүрлі бағыттар мен мектептер бойынша негізгі мәтіндер (кітаптар, монографиялар, мақалалар, эсселер) жинағы. Антологияға орыс формализмі, марксизм, жаңа сын, структурализм, гендерлік, отарлаудан кейінгі зерттеулер, феноменология, рецептивті эстетика, психоанализ және психологияның постструктурализмі, когнитивистика және басқа да теориялық және философиялық бағыттар өкілдерінің негізгі еңбектері кіреді. Бұлар ХХ-ХХІ ғасырлардағы гуманитарлық бағыттардың қалыптасуында маңызды рөл атқарған еңбектер. Фердинанд де Соссюр, Карл Маркс, Михаил Бахтин, Ф.Ницше, З.Фрейд, Джилл Делеуз және басқалардың жұмыстары талданады».     

Баяндамашы антологияның үш басылымы бар және американдық университеттерде сұранысқа ие екендігіне, әр тарау жинақты  құрастырушылар – Джулия Ривкин мен Майкл Райанның кіріспе мақаласымен ашылатынына тоқталып, антологияны құрастырушылар жайлы да толық мәлімет берді. Джулия Ривкин мен Майкл Райанның 1998 жылы жарық көрген «Әдебиет теориясы: Антология» антологиясы үш қайта шығаруға төтеп бергенін, соңғы рет ол 2017 жылы қайта шығарылғанын, антология АҚШ университеттері мен колледждерінде (Дартмут колледжі, Теннесси Университеті және басқалары) студенттерге әдебиет теориясы мен мәдени сын туралы маңызды нұсқаулық ретінде қолданылатынын атап өтті. Сондай-ақ антология француз, британдық, американдық философия және филология классиктерінің әдебиет теориясы мен мәдениеті саласындағы маңызды зерттеулерді қамтитынын, кітапта 1960-1980 жылдардағы Батыс әдебиет теоретиктерінің негізгі очерктері берілгеніне талдау жасады.  

Семинар барысында кафедра оқытушылары, студенттер «Әдебиет теориясы: Антология. (Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен, І-ІІ том)» кітабы туралы ойларымен бөлісті.

* Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында 2021 жылдың 18 қазанында «Болашақ бәсекеге қабілетті педагог қалыптастырудың жолдары мен бағыттары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Байғұтова Динара Нышанқызы өз сөзінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болашақ бәсекеге қабілетті педагог қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, осы бағытта  гумани-тарлық білімнің барлық бағыттары бойынша қазақ тіліне аударылған әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтарын студенттер тереңінен игеріп, дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беріліп, білімін жетілдіруге, қазіргі ғылыми зерттеу және баяндау әдістерін игеруге зор мүмкіндік алғанын атап көрсетіп, әлемнің 100 үздік оқулығы ұлттық тілдің дамуына аса қажетті ғылыми мазмұнды дамытып, студенттердің заман талабына сай білім алуына жағдай жасайтынына тоқталды.

Семинар барысында кафедра оқытушылары болашақ бәсекеге қабілетті педагог қалыптастырудың жолдары мен бағыттары туралы ойларымен бөлісті.

Кафедраның аға оқытушысы, ф.ғ.к. Қайырбекова Ұлбала Жұматқызы «Болашақ маманның кәсіби біліктілігі – білім сапасының кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында кафедрада оқу мен тәрбие үдерісінде  болашақ маманның кәсіби біліктілігіне баса назар ауларылатынына, 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6В01704 - Қазақ тілінде оқытпай-тын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6В02302 - Филология білім беру бағдарламалары бойынша болашақ бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісінде білім алушылардың кәсіби біліктілігін теориялық және кәсіби тұрғыдан қалыптастыру мәселелеріне сараптама талдау жасады. Баяндамашы өз сөзінде бәсекелестік қабілет бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатынына, осыған орай жаңа сатыдағы педагог қалыптастыруда адамзат құндылығы – білімнің орны ерекше екендігіне тоқталып, жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалім даярлаудың  өзекті жайттарын атап өтті.

         Кафедраның доценті, ф.ғ.к. Кажиакбарова Р.Б. «Болашақ білікті педагог  қалыптастырудың жолдары мен бағыттары» тақырыбында баяндама жасады. Ол  баяндамасында өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалатынына,  ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап ететіндігіне, қазіргі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлауда білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі жастарға лайықты білім алуға кепілдік беретініне тоқтала келіп, білікті педагог қалыптастырудың жолдары мен бағыттарына, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін дамыту бағыттары, жаңартылған білім мазмұны аясында әдістемелік негіздерді қалыптастыру мәселелеріне талдау жасады

2022-2023 оқу жылына жоспарланған оқу-әдістемелік жұмыстар