БАҚ біз туралы

ОЗАТ ҰСТАЗДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ - ҚАЗАҚСТАН ЖОО-ДА

19.02.19

ОЗАТ ҰСТАЗДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ - ҚАЗАҚСТАН ЖОО-ДА

Білім салтанат құруы үшін мектеп мұғалімінің кәсіби біліктілігі қандай дәрежеде болуы қажет? Өзекті сұраққа жауап табу мақсатында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінде арнайы семинар ұйымдастырылды. Онда білікті мұғалімдердің озат тәжірибесін ғаламторда насихаттаудың тиімді тетіктері талқыланды. Жарқын мысал ретінде 70 жылдық мерейтойын тойлап отырған белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Базаркүл Омардың еңбегі айтылды.

«ROBOSHYM-2018». БІРІНШІ АШЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

19.02.19

«ROBOSHYM-2018». БІРІНШІ АШЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Цифрландыру – Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы негізгі бағыт. Осы орайда, Қазақстан инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыру жолын қолдайды. Ал, алғыр жастар ақпараттандыру саласы бойынша техниканы терең меңгеруге ынтық. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетте өткен қалалық «Roboshym-2018» бірінші ашық ғылыми-техникалық чемпионаты -- осыған дәлел.

ҒАЛЫМ ҚАЛДЫБАЙ БЕКТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 98 ЖЫЛ

19.02.19

ҒАЛЫМ ҚАЛДЫБАЙ БЕКТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 98 ЖЫЛ

Жақсының аты дананың хаты өлмейді. Қазақ шығармаларының стилистикалық ерекшеліктеріне сандық сипаттама берген ғалым Қалдыбай Бектаевтың туғанына 98 жыл. Физика – математика ғылымының кандидаты, филология ғылымының докторы саналы ғұмырын ғылымға арнаған жан. Қайраткердің өмір жолы өзі қызмет еткен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінде ғылыми конференцияда баяндалды.

ОҚМПИ: КЕШКІ ОҚУ арқылы грантқа түсуге болады

18.02.19

ОҚМПИ: КЕШКІ ОҚУ арқылы грантқа түсуге болады

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында студенттер кешкі уақытта дәріс алады. Жастар еңбекке араласа жүріп, болашақ мамандығын иегеруге дайындық жүргізеді. Яғни, білім алудың жаңа формасында оқуды жұмыстан босамай-ақ жалғастыруына болады. 80 жылдық тарихы бар институттағы жаңадан құрылған кешкі оқыту және дайындық факультетінің алғашқы 70 түлегі биыл ҰБТ-те жоғары көрсеткіш көрсетіп, еліміздегі  жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алған.

«ОҚМПИ аруы-2017» - 80 жылдық мерейтойға жаршы

18.02.19
«ОҚМПИ аруы-2017» - 80 жылдық мерейтойға жаршы Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтының ұжымы оқу орнының сұлу да сымбатты қыздары арасында байқау ұйымдастырды. Бұрымдылар сыны қасиетті қара шаңырақтың 80 жылдық мерейтойына орайластырылған. Байқауда бақ сынамаққа 100-ге тарта бойжеткен өтініш білдірді. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткендер ғана ақтық сынға жолдама алды. Сонымен, білім ордасының ең сұлуы, һәм ақылды аруы кім?

Беттер

Subscribe to RSS - БАҚ біз туралы