Н.Ә. Назарбаев және Тұғырлы Тәуелсіздік

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Н.Ә. Назарбаев және Тұғырлы Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға студенттер мен оқытушы-профессорлармен бірге қоғам қайраткері, экс мәжілісмен Шалатай Мырзахметов, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кежехан Төлебаев, 2002-2014 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған Орынбай Рахманбердиев, ҚР Сот саласының ардагері, Құрметті заңгері Бекет Тұрғараев қатысты. Жиналысты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті оқу және оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректоры Баршагүл Қашқынқызы Исабек жүргізді. Келелі жиында кеш қонақтары қазақ халқының терең тарихына тоқтала келе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген сарабдал саясаты, көршілес мемлекеттермен ынтымақтастық пен бірлік орнатудағы көрегенді көшбасшылығы, тарихтан тағылым ала білген халқымызға тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың берік қамалын орнатқан ерен еңбегі жайлы жас өрендерге тәлімді ой-пікірлерін айтты. Жиын соңында Баршагүл Қашқынқызы құрметті ардагерлерге Оңалбай Аяшұлының "Даму дәуіріндегі дара жол" еңбегін сыйға тартты.