ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне  2-3 курс білім алушыларын ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасындағы өзге жоғары оқу орнында бір семестр оқып келуге өтінім қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.

Негізгі талаптар:

  • Бакалавриат бөлімінің 2-3 курс білім алушысы болу (қазіргі 1-2 курс білім алушылары);
  • Магистратура бөлімінің 1-курс магистранты болу;
  • Серіктес ЖОО-ң бірін таңдау;

Серіктес Қазақстандық жоғары оқу орындар тізімі:

  1. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.)
  2. Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда университеті (Қызылорда қ.)
  3. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ.)
  4. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар университеті (Павлодар қ.)
  5. М.Қозыбаев атындағы Солтүстүк Қазақстан университеті (Петропавл қ.)
  6. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ.)
  7. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау қ.)
  8. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе қ.)
  9. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (Жезқазған қ.)
  10. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал қ.)
  11. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен қ.)
  12. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау қ.)
  13. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті (Арқалық қ.)
  14.  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.)

 

Өтінім қабылдау: Е корпусы, 307 кабинетте немесе @okmpu_internation.office инстаграм парақшасы арқылы қабылданады (direct: аты-жөніңіз, курс, мамандық, қала атауы, тел.)

Мерзімі: 30.05.2023ж. дейін.

Интернационалдандыру офисі