Бекманова Дариға Маханқызы

Бекманова Дариға Маханқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты

            Бекманова Дариға Маханқызы 1957 жылдың 23 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №29 орта мектепті 1975 жылы бітіріп шықты.

1975-1980 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетінде білім алған.

Еңбек жолын 1980 жылы Шымкент педагогикалық институтында СОКП кабинетінің меңгерушісі; СОКП тарихы кафедрасының оқытушысы болып еңбек етті. 1988 жылы «Развитие хлопководство в Казахстане в период социализма (1960-1980г.г.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

1989-1990 жылдары Шымкент педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетінде деканның орынбасары қызметін атқарған.

1990 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқарып келеді.

30-ға жуық ғылыми мақалалар мен 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Ұзақ жылғы жемісті еңбектері бағаланып ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің «Құрмет грамоталарымен» (2002,2005ж.) және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының  «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының  аға оқытушысы  қызметін атқаруда.