Жаңа Қазақстанның тірегі - жалынды жастар

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 25-қазан – Республика күніне орай «Жаңа Қазақстанның тірегі - жалынды жастар» атты жастар форумы өтті. Жиынға стратегиялық даму және тәрбие істері жөніндегі проректор Баршагүл Исабек модераторлық етті.

Аталған іс-шара мерекенің тарихымен таныстыра отырып жастарды белсенді өмір сүруге, елге қызмет ету мен патриоттық сананы кеңейтуді көздейді.

Кездесу барысында университеттің тәрбие істері және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаев «Республика күнінің тарихи мәні» тақырыбында баяндама оқыды. Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов жаңа Қазақстандағы жастардың рөлі жайлы баяндады.

Сонымен қатар, «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауының жеңімпаздары мен «Үздік Магистрант» байқауының жеңімпаздарын марапатталды.

Форум қонақтары өнерлі студенттердің концерттік қойылымын тамашалап, патриоттық әндер тыңдады.