АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттердің қатысуымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семинар өтті.

Бағдарлама студентті және оқытушыны оқу семестрі немесе оқу жылы көлемінде еліміздегі және шетелдегі жоғары оқу орнына білім алуға, зерттеу жүргізуге ауыстыру міндетін көздеп, университеттік білім алу, зерттеу жүргізу бағдарламасын басқа жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық енгізудегі басты талап – студенттерге және оықтушыларға халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы жоғары білім алуға мүмкіндіктер ашу, университеттердің халықаралық ынтымақтастығын жолға қою және отандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру.

Семинар барысында студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасының артықшылықтары таныстырылып, ОҚМПУ-дің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыруға арналған талаптары түсіндірілді.

Іс-шара барысында оқу орнымыздан Түркияның Гази университетінде білім алуды жалғастырған студенттеріміз өз тәжірибелерімен бөлісті.