СҮЙІНШІ, ТАҒЫ ДА 50 ГРАНТ!

 

 

Жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос орын гранттары тағайындалды! Бұл Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде қабылданды. 

Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінген. 

Комиссия шешімімен барлығы 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанса, оның 50-і біздің студенттерге бұйырмақ!