ЖАСТАР МОТИВАЦИЯНЫ ЖАҚЫННАН ІЗДЕЙДІ

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне психологиялық тренинг өткізілді. Ашық аспан астындағы іс-шара жастардың өмірге құштарлығы мен қызығушылығын арттыруға арналды.

Тренингке университет Басқарма төрағасы-ректоры Гүлжан Сүгірбаева қатысып, студенттер арасында болды. Оқу орнының басшысы жастарға өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мотивация берді.

— Сіздердің ой-пікірлеріңіз мен үшін әркез маңызды, сондықтан алдағы уақытта да өздеріңіздің көкейдегі сұрақтарыңызды тыңдауға әзірмін, - деді ректор.

Ашық аспан астындағы шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Психологиялық орталық басшысы Гүлнар Айтжанова, бас маман-психолог Жандәулет Төлегеннің ұйымдастыруымен психологиялық сабақтар ойын арқылы жүзеге асырылды.

Фото Береке Сейітжаппар