Zhanibekov university logo

Куәліктер және сертификаттар

Куәліктер және сертификаттар
Институт  2012 жылдың 7 шілде айында ISO 9001:2008 талаптарына сәйкес сертификаттаушы орган «Русский Регистр-Евразия (РРЕ)» ЖШС сыртқы аудитінен сәтті өтті және оған №12.0522.026 сертификаты тапсырылды. Сертификаттаушы орган – «Русский Регистр-Евразия (РРЕ)» ЖШҚ – 2012 жылы жоғары оқу орындарының рейтигісін жасады, соның нәтижесінде ОҚМПИ «СМЖ үздік жоғары оқу орны» деп мақұлданды.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде КеАҚ  ХС ИСО 9001:2015 талаптарына сәйкес екіжақтық жасалынған келісімшарт негізінде сертификаттаушы Ассоциация «Русский Регистр-Евразия» ЖШС жоспары бойынша 2021 жылдың сәуір айының 27-30 аралығында сапа менеджмент жүйесін қайта сертификаттау сыртқы аудиті өткізілді. Аудитті эксперт-аудитор Кабулов Жангелді Сәрсенбайұлы  жүргізді. «Русский Регистр-Евразия» ЖШС сертификаттаушы Қауымдастығымен Университет сапа менеджмент жүйесін қайта сертификаттау бойынша ХС ИСО 9001:2015 сәйкес №21.0917.0262024 жылдың 23 мамырына дейін жарамды сертификатқа ие болды.

Білім беру процесінің сапасын мониторингілеу мақсатында МжМБ жыл сайын жоспарға сәйкес университет көлемінде  СМЖ ішкі  және сыртқы аудиттері жүргізіліп отырады.  
ОҚМПУ Стратегиялық жоспарлау, менеджмент және мониторинг бөлімі өз қызметінде қолданыстағы ҚР заңдары мен заңдылықтарын, ХС ИСО 9001:2015 талаптарын, университет Жарғысы мен нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, Сапа бойынша Басшылық Өкілі мен Үйлестіру кеңесінің шешімдерін жүзеге асырады.