Қалалық білім беру мекемелерімен тәжірибе алмасу бойынша оқу- әдістемелік апталық

news_fak_history_images: 

✅Оқу орнымызда басталған қалалық білім беру мекемелерімен тәжірибе алмасу бойынша оқу- әдістемелік апталық шеңберінде

✅Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен 17.04.2023 ж. «6В01801 – Әлеуметтік педагогтарды даярлау білім беру бағдарламасының өзекті мәселелері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

✅Семинар барысына Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мектеп-лицей, гимназияның әлеуметтік педагог мамандары, арнайы мекемелердегі әлеуметтік мамандар қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, баяндамаларды талдау барысында білім беру бағдарламасының сапасын жақсарту мақсатындағы тың ұсыныстар беріліп, хаттамаға енгізілді.