УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА ТӨЛЕМАҚЫДАН ЖЕҢІЛДІКТЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Ғылыми кеңестің шешімі бойынша оқу ордамыздың 25 білімгеріне 30%, 1 білімгерге 100 пайыздық оқу ақысына жеңілдік тағайындалды. Оқу ақысынан 30% жеңілдік төменде көрсетілген білім алушыларға (GPA балы 3,0-ден жоғары болған жағдайда) беріледі:

♦«үздік» және «жақсы» оқитын І, ІІ топтардағы мүгедек санатындағы білім алушыларға;

♦22 жасқа дейінгі кемінде 6 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан «үздік» және «жақсы» оқитын білім алушыларға;

♦ ОҚПУ-да кемінде 2 баласы ақылы бөлімде оқитын отбасыдан шыққан, негізінен «үздік» және «жақсы» оқитын білім алушылардың біреуіне;

♦ОҚПУ-ға 1-курсқа оқуға түскен білім алушылардың қатарынан

ҚР Білім және ғылым министрлігі немесе халықаралық ұйымдастыру комитеттерінің аясында өткізілген халықаралық және республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлеріне (1-орын), республикалық чемпионаттарда

(1-орын), сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан немесе халықаралық конкурстар аясында өнер саласында жеңімпаз болғандарға (1-орын)