ОҚПУ ҒАЛЫМДАРЫ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРЕНЕРЛЕРІ

Түркістандағы Қ. А. Яссауи университетінде «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасының екінші кезеңі басталды.

Педагогикалық білім беру моделін жүзеге асыру және оның мазмұнын жандандыру» Дүниежүзілік банк (Хаме Университеті, Финляндия) жобасы аясында өтіп жатқан шарада Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің педагогтары қазақстандық тренер ретінде қатысуда. Атап айтқанда, академиялық істер департаментінің директоры, ф.-м.ғ.к. Д. Бердалиев, филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Ж. Масалиева, «Talant» апгрейд орталығының басшысы, PhD К. Қоразбекова «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ оқытушыларын әзірленген білім беру бағдарламаларын масштабтау бойынша оқыту курстарын жалғастыруда.

Курс барысында оқытудың оқытушыға бағытталған дәстүрлі тәсілден студенттерге бағдарланған тәсілге өту процесі тәжірибелік тұрғыдан жетілдірілуде. Оқытушылардың рөлі мен міндеттерінің жаңартылуы, студенттердің оқуына қолдау көрсетудегі оқытушы-фасилитатор ретіндегі әрекеттерге бағыттай ұйымдастырылуда.