Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ — түлектерді жұмыспен қамту бойынша алғашқы ондықта!

 

Қазақстанда түлектерін жұмыспен қамту бойынша ерекшеленген жоғары оқу орындары анықталды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов мәлімдеді. Ресми өкілдің айтуынша, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті тиісінше түлектерін 100%, 97% және 93 % жұмыспен қамтыған. Ал, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (94%), Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті (94%), Семей медициналық университеті (92%), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті (89%), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (88%) , М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (88%), ал Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (86%) аталған пайыздарды көрсетсе, Өзбекәлі Жәнібеков университеті де республика бойынша 81% нәтижемен алғашқы ондықтар қатарынан көрінді.