Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

8D01503 – Информатика педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Нахипова Венера Исмаиловна педагогикалық практикадан өту барысында

ОҚМПУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (ЖООКББИ) 8D01503 – Информатика педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Нахипова Венера Исмаиловна педагогикалық практикадан өту барысында 1503-19а оқу тобына «Пайдаланушыға сұраныс құру және айнымалылар.
 Java script тілінің қасиеттері» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында Visual Studio Code-бағдарламасында құжат құрылымымен және негізгі мәліметтер типі, айнымалылармен, Java script тілінің қасиеттері сонымен қатар браузер терезесінде ақпаратты шығару әдістерімен танысты, сабақ соңында студенттерге сұрақтар беріліп жауаптарының нәтижесін экранда көрсетіліп ашық сабақ мазмұнын қорытындылады. Сабаққа педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, практика жетекшісі Нурмухамбетова Гулира  Кенжеевна,  ЖООКББИ директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Косауова Акерке Колдасыновна, кафедраның аға оқытушылары Белесова Дамира Тұрсынхановна мен Құрманбаева Жұлдыз Ізтілеуовна және ЖООКББИ бас маманы Есалиева Зарина Рахымбаевна сабақ соңында талдау жүргізіп, оң бағасын берді.