«ШЕКСІЗ ҮМІТ» волонтерлар ұйымы

«ШЕКСІЗ ҮМІТ» волонтерлар ұйымы – жастартардың қоғамдық жұмыстарға деген қызығыушылығын арттыруға, жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге үлес қосады.

Негізгі мақсаты -қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда «Biz Birgemiz» волонтерлық қозғалыс 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Олар:

• Спорт

• Қайырымдылық

• Тарихи-мәдени

• Экологиялық

Негізгі міндеттері:

1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;

2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;

3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимылжасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

4) волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;

5) волонтерлер топтарын – жоба іс-шараларын орындаушыларды жасақтау;

6) волонтерлық бағыттығы шаралырды көбейту.