Филология факультеті "Ашық есік" күнін өткізді

 «ОҚМПУ-ға  85 жыл»: 2022 жылғы мектеп түлектері
 ұстаздар ұстаханасымен танысты.
  Шымкент қалалық Білім басқармасымен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын  ЖОО-ның  85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында  «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын»  апталық - акция өткізілуде. Өткен аптада бастау алған іс-шараны бүгін 28 қазан күні Филология факультеті жалғастырды. Шараға 500-ден аса мектеп оқушысы қатысты.
Акция барысында қала мектептерінің бітіруші сынып оқушылары мен колледж студенттері университет базасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен, студенттермен танысып, университеттің жетістіктері мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттармен алмасты. Факультетке қарасты білім беру бағдарламалары туралы бейнебаян таныстырылды және факультет түлектерінің бейнебаяны көрсетілді.  Ашық есік күніне арналған кездесуді басқарма төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы  ашып, оқушыларға сәттілік тілеп, 85 жылдық тарихы бар «Ұстаздар ұстаханасы» саналатын қара шаңыраққа оқуға шақырды.   Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы Ғалымжан  Шәмшидинұлы Битұрсын ОҚМПУ да дайындалатын Білім беру бағдарламаларымен   таныстырды.   Факультет деканы Оразбаева  Эльмира Бейсенбайқызы  факультет тарихы, факультеттің оқытушы-профессор құрамы, факультетте дайындалатын білім беру бағдарламалары туралы айтты.  Оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеулерін, педагог мамандардың сұраныста екенін түсіндіріп өтті және сәттілік тіледі. Факультеттің үздік студенттері Президенттік шәкіртақы иегерлері Г.Сұлтанмұратова, М.Гусейнова оқушыларға өздері таңдап түскен ОҚМПУ-дың ерекшеліктері мен білімгерлерге жасалған ерекше жағдайлар жайлы әсерімен бөлісті. Талапкерлерге университетіміздің нұсқаулық журналы, буклеттер, факультеттің  білім беру бағдарламалары туралы буклеттер мен кітапшалар берілді.