ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасында 2022 жылдың 5-19 қаңтары аралығында төтенше жағдай енгізіліп, Шымкент қаласында коменданттық сағат орнатылуына байланысты:

  1. Ағымдағы жылдың 5-6 қаңтар күндері емтихандарға келе алмаған білім алушылар үшін емтихандар 12-14 қаңтар күндері аралығына;
  2. 10 қаңтар күніне жоспарланған емтихандар 12 қаңтарға ауыстырылғанын;
  3. «ҒХ» бағасын алған білім алушылар үшін тестілеу емтихандарын   қайта тапсыру - 13-14 қаңтар аралығына, ал ауызша/жазбаша қайта тапсыру - емтихандары 12-14  қаңтар аралығына қойылғанын хабарлаймыз.

        Барлық емтихандар онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылады.

        Қосымша мәліметтерді деканаттардан және UNIVER жүйесінен (univer.okmpu.kz) ала аласыздар.