Ерікті түрде қан тапсырды

09-01-2022

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректораты мен профессор-оқытушылар құрамы елдегі жағдайға байланысты студенттермен, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, барлық Студенттер үйінде кезекшілік ұйымдастырды. Студенттердің ата-аналарының жанына барынша жылдам жетуіне жағдай жасады.

Дәл бүгін университет ұстаздары Қан орталығына келіп, ерікті түрде қан тапсыруда. Зардап шеккен бауырларға сөзбен емес, ісімен көмек қолын созуда. Алмағайып заманда ел Президентінің үндеуіне құлақ асып, барынша сабырлылық танытып, қолдау көрсетуде.