Болашақ президентімен сұхбат

14-01-2022

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева «Болашақ» "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Президенті Айнұр Кәрібозовамен онлайн кездесу өткізді.

 Кездесу барысында оқу ордамыздың оқытушы профессор құрамын білікті мамандармен толықтыру және ғылыми әлеуетін арттыру мақсатынада шетелдік озық университеттерде «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алған түлектерді университетімізге тарту мәселесін талқылады. Орталық басшысы отандық оқу орындарымен жасалған тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, Айнұр Бағдатқызымен «Болашақ» стипендиясының иегерлері атанған 5 оқытушымыздың тағылымдама мерзіміндегі ерекше жағдайларына қатысты пікір алмасты. Кездесу соңында «Болашақ» "Халықаралық бағдарламалар орталығымен" екі жақты тығыз байланыс орнату туралы шешім қабылданып, жақын аралықта бірлесе жасалатын іс-шаралар тізбегі белгіленді.