Магистр оқытушылар докторантура оқиды

13-01-2022

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің бір топ докторанты мен магистранты мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға қабылданды. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау бойынша Махаббат Қасымова, информатика педагогін даярлау негізінде Ләззат Сабырханова және Мархабат Сейсенбек, тарих педагогін даярлау бағытында Мәди Бесбаев және екі шетел тілі педагогін даярлау бойынша Ақнұр Ыдырысова, Ойдин Үсенова, Балзия Қыдырбаева, Гүлсезім Палмай білімін жетілдіретін болады.