Ғылыми жобалар

Қазіргі таңда университетімізде профессор-оқытушы құрамының жетекшілігімен грант ұтып алынған 4 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  университетінің  профессор-оқытушы құрамы  ҚР БжҒМ ұйымдастырған 2021-2023 жылдарға арналаған гранттық қаржыландыруға  19 жоба ұсынылып, нәтижесінде А.Б. Ибашованың және  И.С. Смановтың жетекшілігімен 2 жоба гранттық қаржыландыру бойынша грант ұтып алды. 2 жоба бойынша жалпы сумма 70 млн 243 мың 104 теңге, 50 тиынды құрайды.

 Ал жас ғалымдар үшін ғылыми зерттеулерді іске асыруға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 аралығында университетіміздің PhD, аға оқытушысы А.К.Оралбекованың жетекшілігімен 1 жоба жеңіп алынды. Жалпы қаржыландыру соммасы 15 млн 88 мың 200 тенгені құрайды

 

Жоба тақырыбы

Жоба жетекшісі

Жоба мерзімі

1

«Аралас оқыту технологияларын қолдана отырып болашақ математика мұғалімдерін даярлау процесін жетілдіру»

Кадирбаева Роза Изтлеуовна

2020-2021ж.ж

2

«Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке бейімдеу үшін «Әлемді тану» компьютерлік білім беру бағдарламасын жасау

Оралбекова Алия Курбановна

 

 

 

2020-2022ж.ж.

 

3

«Smart-білім беру жағдайында "Scratch" және "Робототехника" курстары бойынша бастауыш мектепте ақпараттық білім ортасын әзірлеу»

 

 

Ибашова Альмира Байдабековна

2021-2023ж.ж.

4

Ұлттың рухани қайта өркендеу бағдарламасын жүзеге асырудағы отандық кескіндеменің дидактикалық әлеуеті.

 

Сманов Илесхан Сманович

2021-2023ж.ж.