ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2022-2023 оқу жылында республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Еуропаның жоғары оқу орындарында оқуға 2-3 курс студенттеріне (бакалавриат) конкурс жариялайды.
Негізгі талаптар:
- Түйіндеме
- ҚР азаматының паспорты (көшірме)
- GPA – 3.67-4.0 (транскрипт)
- Мемлекеттік грант иегері
- Шетел тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың біреуін ұсынады)
- шетел тілін білуін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (IELTS 5.5+, TOEFL59+ ) ;
- шетел тілін меңгергендігін дәлелдейтін сертификат (B2+)
- Студенттің көп балалы отбасы екенін растайтын құжат
- Оқушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына)
- Студенттің мүгедектігін растайтын құжат
- Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.)
- құжат қабылдау кезеңі: 15.04.2022ж. дейін
- құжат қабылдау мекені: Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі, «Д» ғимараты, 205 кабинет.