Әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері марапатталды

          Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева 85 жылдық тарихы бар білім ордасының ұжымын 1-мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен құттықтады.

              Салтанатты жиналыста әкімшілік-шаруашылық саласының бірқатар қызметкерлері айтулы мерекеге орай университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

         Сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлер Шымкент қаласы мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетовтың, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотановтың , «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаеваның, Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мыңбаевтың алғыс хаттарын да алып, құрметке бөленді.