ХАБАРЛАНДЫРУ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2022-2023 оқу жылында  республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Еуропаның жоғары оқу орындарында оқуға 2-3 курс студенттеріне (бакалавриат) конкурс жариялайды.

 

Негізгі талаптар:  

  1. Түйіндеме
  2. ҚР азаматының паспорты (көшірме)
  3. GPA – 3.67-4.0 (транскрипт)
  4. Мемлекеттік грант иегері
  5. Шетел тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың біреуін ұсынады)

- шетел тілін білуін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (IELTS 5.5+, TOEFL59+ ) ;

- шетел тілін меңгергендігін дәлелдейтін сертификат (B2+)

  1. Студенттің көп балалы отбасы екенін растайтын құжат (болған жағдайда)
  2. Оқушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына)
  3. Студенттің мүгедектігін растайтын құжат (болған жағдайда)
  4. Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.)

 

құжат қабылдау кезеңі: 20.06.2022ж. сағат 18:00 дейін

құжат қабылдау мекені: Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі, «Д» ғимараты, 205 кабинет.