ОҚМПУ ұжымы жаңа проректормен танысты

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева ректорат ұжымына академиялық мәселелер бойынша проректор лауазымына тағайындалған Айнаш Кудышеваны таныстырды.

Айнаш Кудышева – педагогика ғылымдарының кандидаты. 30-дан астам ғылыми жарияланымдары шыққан, оның ішінде ағылшын және қазақ тілдерінде 4 оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар.

2005 жылы «Қайнар» университетінде шет тілі, екі шет тілі мамандығы бойынша бакалавр, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде психология мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін, 2021 жылы Оңтүстік Калифорния университінде Білім беру кеңесі мамандығы бойынша біліктілік алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Павлодар қаласындағы «Кайнар» университетінде Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып бастаған. 2008 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Аударма ісінің теориясы мен тәжірибесі» кафедрасының аға оқытушысы, «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, 2009 жылы «Психология және педагогика» кафедрасының доценті/ қауымдастырылған профессоры, 2017 жылы «Психология және педагогика» кафедрасының профессоры, осы жылы «Психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, 2021 жылы «Торайғыров Университетінде» «Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2013 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша Швейцарияның Монтре бизнес мектебінде «Экономика және ұлттық экономиканы басқару» тақырыбындағы бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

2017 жылы Мүгедектігі бар американдықтар туралы заңның (ADA) инклюзивті білім беру саласындағы мерейтойлық халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша Аризона мемлекеттік университетінің ADA стипендиаты болған.

2018 жылы Израильдің Иерусалим қаласында Машав бағдарламасының демеушілігімен арнайы және инклюзивті білім берудегі практикалық тағылымдамадан өткен.