«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорымен келісім түзілді

2023 жылғы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гульжан Сугирбаева «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев бастаған делегацияны қарсы алды.

Қос тарап білім беру саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойды. Келісім «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру бойынша білім беру грантына үміткер студенттер мен талапкерлерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жасалды.

Алдағы таңда әлеуметтік осал топтан шыққан студенттерге қайырымдылық көмек көрсету бойынша қордың білім беру грантына үміткерлерден өтінімдер беру процесі оңтайландырылады. Екі жақты келісім шеңберінде ауыл мектептерінің түлектері мен халықтың әлеуметтік осал топтарының студенттері қолдау тауып, ҚР азаматтарының осы санаттары үшін жоғары білімнің қолжетімділігі артады.

Келелі келісімнен соң Гүлжан Даулетбекқызы құрметті қонақтарды оқу ордасының қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, жетістіктерімен бөлісті.