БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ XІІ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай бекітілген ғылым апталығы шеңберінде бүгін білім алушылардың дәстүрлі республикалық XІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясының секциялық мәжілістері жұмысын бастады.

Конференцияның секциялық мәжілістері педагогика және психология, филология ғылымдары, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар, әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар, өнер, мәдениеттану және спорт, физика-математикалық ғылымдар бағыттары бойынша ұйымдастырылып, өткізілуде.

Конферецияда білім алушылар педагогикалық ілімдердің әдіснамалық негіздерін, теориялық және практикалық тәсілдерін меңгереді. Секцияларда қамтылған ғылым бағыттары бойынша озық ғылым тәжірибелерін зерделеп, педагогикалық мамандар даярлаудың миссиясын, өзекті мәселелерін, ғылыми талдау қорытындыларын және оң қызмет нәтижелерін университеттің оқытушы-профессорлық құрамының қатысуымен зерделейді.

Айта кету керек, әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар санатында секциялық жұмыстар тарих, география, құқық және экономика бағыттары бойынша жүргізілсе, өнер, мәдениеттану және спорт санатында секциялық жұмыстар бейнелеу өнері, кәсіптік білім, музыка және дене шынықтыру мамандықтары бойынша жүргізілуде.