БАСЫМДЫҚ – ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМНІҢ БАЙЛАНЫС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінде өтіп жатқан оқу-әдістемелік тәжірибе алмасу іс-шараларына тәжірибелі педагог мамандар қамтылды.

Университеттің академиялық істер департаментінің бастамасымен іске асқан апталық шеңберінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары «Тиімді оқыту тәсілдері арқылы білім алушының оқуға ынтасын арттыру», «4 С моделі арқылы тиімді сабақ жоспарын түзу», «Оқу мен оқытуды зерттеу тәсілдері» тақырыптарында педагогтік тәжірибе мен ізденіс нәтижелерімен бөлісіп, болашақ ұстаздардың кәсіби даярлығын жақсартуға бағытталған тиімді әдістердің тәсілдерін таныстырды.

Апталық педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орнының білім беру ұйымдарымен әріптестік байлананыстарын нығайтуға, педагог мамандар даярлауда практикалық тәжірибе алмасу жүйесін құруға, білім беру ұйымдарының іс тәжірибесі негізінде университеттік білімді жетілдіруге бағытталып, білім беру ісін сапалық тұрғыда жақсартуға арналған.